“Алғыс айту күні”
by
editor
·
1 марта, 2022
25.02.2022 ж. “№8 арнайы мектеп – интернаты” КММ 1 – 9 сынып тәрбиеленушілері арасында “Алғыс айту күні” мерекесіне арналған тәрбие сағаттары өтті. Жыл сайын бұл мереке біздің еліміздің азаматтары үшін маңызды болып келеді және маңызды бола түсуде. Осылайша, 2021 жылғы 1 наурыздағы құттықтауында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің ерекше мәні мен терең нышанын атап өтіп, “оның құндылықтары өзара көмек пен халқымыздың мызғымас бірлігінің берік дәстүрлерін бейнелейді”деді. Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері үшін бейнеролик дайындаған дефектолог мұғалім О.В. Усольцева, тәрбиешілер О.В. Кузьмина, А.Н. Жақсылықова.